Осы айтулы күнге орай мектебімізге «Зияткер білім мектебінің» ұжымы арнайы қонаққа келді. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеген бұл кездесу жылы жүзді амандасу мен ақжарма тілектерге толы болды. Осындай игі кездесулер адамдар арасындағы сыйластық пен достықты нығайтып, рухани байланысымызды арттыра түседі. Қадірлі қонақтарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!