Оқушылар жетістіктері
Халықаралық көркемсөз фестивалі жеңімпаздары
Республикалық “Ақылдым” балалар журналы мен “Ақсұңқар” өнер-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ұлы ойшыл, ұлт ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық көркемсөз фестивалі өтті.
📖 Байқауға қатысқан оқушыларымыз өздерінің таланттары мен шешендік өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
🌟 Үлкен жеңістердің артында — ұстаздардың ерен еңбегі! 🌟
Оқушылардың табысына өз үлесін қосқан ұлағатты ұстаздарымызға алғыс білдіреміз:
Байбосынова Акбота, Нурипа Сайлаубекқызы, Дауылова Анар, Медет Динара, Баймұрат Ақбота, Сейлханқызы Шапағат.
Сіздердің еңбектеріңіз — шәкірттер жетістігінің бастауы! 💫
🎉 Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Сөз өнерін сүйіп, Абайдың даналық мұрасын дәріптеген жас өрендерімізге шығармашылық табыс тілейміз! ✨
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған “Тіл – Тәуелсіздік тұғыры” олимпиадасы
🥈 II дәрежелі диплом – Борисова Ангелина (9-сынып)
🥉 III дәрежелі диплом – Абдибай Хадиджа (9-сынып)
🥉 III дәрежелі диплом – Фуркатов Мадияр (7-сынып)
📖 Сондай-ақ, “Махамбет оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде де оқушыларымыз үздік нәтижеге қол жеткізді:
🥈 II дәрежелі диплом – Оралбек Жания
🥉 III дәрежелі диплом – Бегалы Айнара
👏 Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымызға жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз! 🌟
• Білім мен еңбектің жемісі — жеңіс! Оқушыларымыздың табандылығы мен ізденісі лайықты бағаланды
«Ziyatker Turan» мектебінің дарынды оқушылары «Алтын сақа» республикалық олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетіп, марапатқа ие болды.
• «Алтын сақа» олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!👏
Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігінің кепілі.
Жаманбаева Нурипа Сайлаубекқызының жетекшілігімен
3 «А» сынып оқушылары Құдайқұл Амира мен Аман Алидің еңбектері
«Үздік шәкірт» айдарымен осы журналға жарияланып,
жас дарындардың алғашқы табысы көпшілікке таныстырылды.
«Білікті педагог» журналында жарық көрді
Республикалық «Zhastar.kz» баспа үйі ұйымдастыруымен, мұғалімдердің озық тәжірибесін насихаттау және кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сәйкес «Білікті педагог» журналы қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп келеді.
✨ Осы басылымда «Зияткер» мектебі ұстаздары Жаманбаева Нурипа Сайлаубекқызы мен Сейлханқызы Шапағаттың «Сыни тұрғыдан ойлау» атты мақаласы жарияланды.
🌟 Сонымен қатар, Нурипа апайдың жетекшілігімен 3 «А» сынып оқушылары Құдайқұл Амира мен Аман Алидің еңбектері «Үздік шәкірт» айдарымен осы журналға жарияланып, жас дарындардың алғашқы табысы көпшілікке таныстырылды.
👏 Бұл – ұстаздардың қажырлы еңбегі мен шәкірттердің талпынысының жарқын нәтижесі!