Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына отаншылдық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Кеш барысында оқушылар өнер көрсетіп, ерлік пен батырлықты дәріптейтін әсерлі қойылымдар мен әндер орындалды. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген барлық ер азаматтарға зор денсаулық, күш-қуат және абырой тілейміз. Ел үшін еңбек етіп, халықтың қорғаны болып жүрген жандарға алғысымыз шексіз. Отанымыз аман, көгіміз әрдайым ашық болсын! 