Арқан тартыс — күшті, бірлікті және ұйымшылдықты талап ететін ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бұл ойында қатысушылар тек өз күшін ғана емес, командалық ауызбіршілігін де көрсетеді.
Оқушылар ойын барысында белсенділік танытып, ерекше қызығушылықпен қатысты. Осындай ұлттық ойындар арқылы жас ұрпақ ата-баба дәстүрін танып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиеленеді. 🇰🇿💪