Көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа береке мен бірлік, шаттық пен қуаныш әкелсін. Ақ мол болып, дастархандарымыз ырысқа толсын. Осы жарқын мейрамда мектебіміздің әрбір оқушысына зор денсаулық, таусылмас шабыт және білім жолында биік белестерді бағындыруды тілейміз. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын! Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Ендеше, әр күніміз жаңа жетістіктерге толы болсын! 