30 наурыздан 7 сәуірге дейін мектебімізде «Қауіпсіз мектеп» атты акция өтті. Іс-шараға қатысқан:
Полиция лейтенанты – Өміртай Ердос Жаныбекұлы
Полиция капитаны – Кулназаров Бексултан Тыныштықұлы
Полиция аға лейтенанты – Әубеш Динара Кездесу барысында оқушылар:
Мектеп ішіндегі қауіпсіздік ережелерін
Жалпы тәртіп пен құқықтарын
Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдарын танысты. Сонымен қатар, оқушылармен сұхбат жүргізіліп, тәжірибелік кеңестер берілді. Бұл іс-шара оқушыларға өз құқықтарын білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!