ZIYATKER TURAN

«ZIYATKER TURAN» мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы, Каратау ауданы 192-ші орамы, 20/5​

Ата – аналарға жаднама

         Кез-келген адам асыға күтетін керемет мезгіл көктем келді. Көктем мезгіліндегі мінез-құлықтың жалпы ережелері бар. Әрбір бала, жоспарлардың ауқымына қарамастан, бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуге міндетті. Өйтпеген жағдайда, жағымсыз салдардың орын алуы мүмкін. Сонымен, көктем мезгілінде бала білуі керек:
1. Ғимараттар бойымен жүрмеңіз, өйткені шатырлардан мұздақтар мен қар түсуі мүмкін.
2. Су объектілерінің жанында өте сақ болыңыз. Ең алдымен, ересектердің рұқсатынсыз су қоймаларына баруға болмайды. Су қоймаларына еріген мұз үстінде жақындауға болмайды, сонымен қатар мұзға шығуға тыйым салынады.
3. Велосипедте немесе мотороллерде абай болыңыз, жол ережелерін сақтаңыз. Конькиді, роликті конькилерді, скутерлерді пайдалану кезінде оларды пайдалану ережелерін сақтау ғана емес, сонымен қатар жүру бөлігі оларға арналмағанын және тек тротуарда жүру керек екенін есте ұстаған жөн.
4. Орманға барған кезде бас киім болуы керек, өйткені көктем – кенелер мен басқа да жәндіктердің белсенділігін арттыратын мезгіл саналады.

Қыз бала тәрбиелеп отырған ата – аналарға топ 5 кеңес

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес.

1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.
Алайда бала тәрбиесінде кемшіліктер жіберіп отыратынымыз анық.

Ақылды ата -ананың 7 ережесі.

Бала жалқау болса не істейміз?

 

Адам неге еңбек ете білу керектігін үнемі түсінідіріп отырыңыз. Жалқаулыққа, бос отыруға деген жағымсыз көзқарасыңызды көрсетіп тұрыңыз.
-Балаңыз өзі істей алатын нәрсені ол үшін істемеңіз, әйтпесе әрі қарай да ол сізді қызметші ретінде пайдалануы мүмкін.
-Қолайлы жағдайда оған өздігінен әрекет етуге мүмкіндік беріңіз. Мысалы, былай деп сұраңыз: «Дастархан жасауды қалайсың ба әлде мен дастархан жасағанша ыдыс-аяқ әкеліп тұрасың ба?»
-Балаға шамасы жететін жұмысты ұсыныңыз, оның үй шаруасындағы міндеттерін белгілеп беріңіз. Бұны былай істеңіз: «Сен енді есейіп қалдың, сондықтан мен саған еден жууды, ыдыс-аяқ жууды, шаң сүртуді, қоқыс шығаруды және т.б. сеніп тапсырамын.»
-Өз талаптарыңыздағы бірізділікті сақтаңыз.
-Бастаған істі соңына дейін апаруды үйретіңіз.

Мектепке түсу