ZIYATKER TURAN

«ZIYATKER TURAN» мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы, Каратау ауданы 192-ші орамы, 20/5​

Өзін өзі басқару ұйымы

Айнабек мерей

Президент
Туған күн: 13.10.2009

Қызығушылықтарым:

Менің өмірімдегі және оқуымдағы басты қозғаушы күш – белсенділік пен үздіксіз даму. Мен әртүрлі бағыттардағы қызығушылықтарды ұштастырамын:

Спорт және төзімділік: Спорт менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Мен таэквондо, волейбол сияқты командалық және жеке спорт түрлерімен айналысамын. Бұдан бөлек, екі жыл боксқа және жеті жыл жүзуге қатыстым. Түрлі мараондарға қатысу арқылы мен өзімнің физикалық және моральдық төзімділігімді шыңдадым.

Өнер және шығармашылық: Бос уақытымда биге және пианинода ойнауға көп көңіл бөлемін, бұл менің шығармашылық әлеуетімді ашады.

Ғылым және білім: Анатомия кітаптарын оқуға деген ерекше қызығушылығым бар. Бұл менің адам ағзасы мен денсаулығына деген терең танымдық көзқарасымды білдіреді.

Жетістіктерім

Менің жетістіктерім тек спорт пен оқумен шектелмейді, сонымен қатар лидерлік пен командалық жұмыстағы табыстарыммен де маңызды:

Еnactus жобасы: Астанада өткен Enactus жобасында 300 мың теңге көлеміндегі қаржыны командамен ұтып алдым. Бұл жетістік – менің креативтілік, кәсіпкерлік және тиімді шешім қабылдау қабілеттерімнің дәлелі.

Жүзу: Жеті жыл бойы жүзумен айналысу барысында республикалық және қалалық деңгейдегі жарыстарда көптеген жүлделі орындарға ие болдым. Бұл – табандылық пен мақсатқа жетудің нәтижесі.

Мектеп Президенті ретіндегі Мақсаттарым

Мектеп президенті ретіндегі басты міндетім – барлық оқушылардың мүдделерін қорғайтын және дамуына ықпал ететін орта қалыптастыру.

Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту:

Негізгі бағыт: Оқушылар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті арттыру.

Іске асыру: Мектеп өміріне барлық сыныптарды тарту арқылы бірлікті, достық қарым-қатынасты күшейтуге бағытталған жаңа іс-шараларды және жобаларды ұйымдастыру. Мектеп — бұл бір үлкен отбасы деген ұстанымды қалыптастыру..

Айнабек Мерей

президент

Бәкір Нұрай

вице-президент

Мерихан Назым

медиа министрі

Марат Ерасыл

спорт министрі

Рисбай Алихан

экология министрі

Силбеков Мансур

тәртіп министрі

Ташқұл Айсұлу

мәдениет министрі

Борисова Ангелина

білім министрі

IMG_0100

Өзін өзі басқару ұйымының құжаттары