ZIYATKER TURAN

«ZIYATKER TURAN» мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы, Каратау ауданы 192-ші орамы, 20/5​

Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауы

WhatsApp Image 2025-09-23 at 15.00.10
WhatsApp Image 2025-09-23 at 15.00.09

Қазақстан Республикасы Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2025 жылы 8 қыркүйекте жолданды.

Жолдауды тыңдауға Парламент депутаттары және Үкімет мүшелері, партия, қоғамдық, діни бірлестіктер басшылары қатысып, барлық ақпарат құралдарында тікелей эфирде жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»  атты  жолдауы Алатау қаласы  «№12 орта мектеп» КММ ұжымында да мектеп әкімшілігі, кәсіподақ, «Аманат» партиясының мүшелері, педагогтердің қатысуымен тыңдалынып, мазмұны талқыланды.

Мектеп директоры Сембаева Ш.Н кіріспе сөзінде, қазіргі XXI ғасыр талабына сай Қазақстан ақпараттық қоғамға лайықты аяқ басып, ғаламтор, цифрлық өзгерістер бойынша әлемдегі дамыған он елдің қатарына енгенімізді айта отырып, жолдау қазіргі жаңа тарихи дәуір сұранысына сәйкес өте өзекті де,көптеген сұрақтарға жауап берілген жолдау болғанын атап өтті.  Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болатындығын хабарлай отырып, арнайы жер бөлініп,  жоспарлау жұмысы аяқталып, инфрақұрылым желілері дайын, Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан Қытай компаниясы Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болып,толық цифрланған қалаға айналатындығын  Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілілетін болғанын атап өтті.

Мектептің тарих пәнінің мұғалімі Раймбекова Ш.Д өз сөзінде: Президент Жолдауы бойынша қазіргі геосаяси жағдайларға шолу жасап,қазір дүние жүзі жаңа тарихи дәуірге қадам басып,бұл дәуірдің барша адамзат үшін оңай болмай,бүлыңғыр заман болып тұрғанын айта келе,алпауыт елдер мен халықаралық одақтар арасындағы қарама-қайшылықтардың ауқымы өсіп, халықаралық қатынастағы шиеленістер мен озбырлықтың салдарынан қақтығыстар мен соғыстар белең алып, кейбір мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатында әсіре ұлтшылдық күшейгеніне тоқтала отырып, БҰҰ қызметіне сын айтылғанын,оған таяуда Президент БҰҰ сессиясына өз ұсынысымен шыққалы отырғанын атап кетті.Сондай- ақ жаңа заңдар Цифрлық Кодекс, Су кодексі қабылданатынын атап өтті.

Мектептің  оқу ісінің меңгерушісі, география пәнінің мұғалімі Сариева Ғ.К өз сөзінде жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанымызды айта отырып, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық елге айналатынын, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту үшін Цифрлық кодексті заңы қабылданғалы жатқанын айтты.

Биолгия пәнінің мұғалімі Қалабаева А.М. Елімізді дамыту үшін   инвестиция тарту арқылы өңдеу саласына көбірек қаражат тарту. Бас прокуратура заңсыз актив иелерінен қазынаға 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарып, Бұл қаражат 10 мектеп, 4 спорт ғимаратын салуға, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылымы нысанының құрылысына және жөндеу жұмыстарына бөлінгенін айта келе, су ресурстарын үнемдеу,Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына қатысты жоба «Росатом» АЭС салатынын айтты. Өңдеу кәсіпорнын салу, жерді игеру,туризмді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту,баспанамен қамтуда 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін атап өтті.

Тәрбие ісінің орынбасары Қалдыбаева С. Жолдаудың аса маңызды салаларды қамтығанын айта отырып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жұмысына  миллиондаған азаматымыз атсалысқанын, 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға жетіп, Қазақстан нағыз жасыл ел болмақ. Ал бұл келешек ұрпаққа керемет үлгі-өнеге және өсиет болып қалары анық.Осы жұмысқа атсалысып жүрген азаматтарға, әсіресе, жастарға Президент  ризашылығын  білдіргенін айтты.Тазалық мәдениетін қоғамда терең орнықтыру – өте маңызды міндет. Осы бағытта Үкімет экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге тиіс. Бұл жұмыс мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін барлық деңгейдегі білім мекемелерін қамтуы қажет. Жолдаудағы жетінші бөлімге тоқталды: Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді.Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. «Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры. Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным.Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттен түбегейлі арылуымыз керек. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған. Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет.Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз. Сондықтан жұртымызды ел тыныштығын бағалай білуге, сақтай білуге шақырамын. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек. Бүгінде патриотизм деген сөздің сипаты, мазмұны өзгеріп жатыр. Бұрын бұл ұғым негізінен дәстүрлі құндылықтармен өлшенетін, тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы. Оны бізден ешкім тартып алмайды, оған алаңдауға еш негіз жоқ.Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Сөз соңында Жолдауды  ұжым болып қолдап, жүзеге асыруға атсалысатынымызды атап өтті.