ZIYATKER TURAN — "ZIYATKER TURAN" мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Тассай т.ү.а., №301/3

ZIYATKER TURAN

«ZIYATKER TURAN» мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы, Каратау ауданы 192-ші орамы, 20/5​

Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен ZIYATKER TURAN ЖШС мектебінің базасында

✨ «FOCUS ON: ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» атты аудандық семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. 🎯 Семинардың мақсаты – оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындығын қалыптастыру, емтихан алдындағы күйзелісті төмендету және тиімді оқу стратегияларын дамыту. 👩‍🏫 Іс-шара барысында: 🔹 Әдістемелік бөлім басшысы Орынбекова Д.Б. «ҰБТ туралы түсінік» тақырыбында мазмұнды ақпарат беріп, қатысушыларға маңызды бағыт-бағдар ұсынды; 🔹 Әдіскер Омарова Б.Ш. «Емтихан алдындағы психологиялық дайындық» тақырыбында практикалық кеңестерімен бөлісті; 🔹 Психолог Құрбанәлі А. қатысушыларға стресстің алдын алу техникаларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, пайдалы жаттығулар ұсынды; 🔹 ZIYATKER TURAN ЖШС мектебінің психологы Жетписова А.Е. «Мидың құпиялары: қалай оңай әрі тез үйренуге болады?» тақырыбында тәжірибе алмасып, тиімді оқу әдістерімен бөлісті. 🤝 Семинарға ауданнан 40-дан астам психолог мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды. ✨ Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің сапасын арттырып, оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. #Шымкент #ПсихологиялықҚолдау #ҰБТ2026 #Психологтар #Семинар #ТәжірибеАлмасу