ZIYATKER TURAN — "ZIYATKER TURAN" мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Тассай т.ү.а., №301/3

ZIYATKER TURAN

«ZIYATKER TURAN» мектебі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласы, Каратау ауданы 192-ші орамы, 20/5​

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай 1 «С» сыныбында «Біз таңдаған кітаптар» тақырыбында тағылымдық сабақ кітапханашы ұстазымызбен бірге өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой қозғады. Әр кітап – жаңа әлемнің есігі екенін түсінген бүлдіршіндер білімге деген қызығушылықтарын арттырды. Кітап оқу – ойды дамытып, қиялды ұштайды. Сондықтан барша оқушыларды кітаппен дос болуға, бос уақыттарын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге шақырамыз. 📚 Кітап оқы – болашағыңды жарқын ет!