Пән кабинеттері туралы мәлімет
Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі материалдық активтердің болуы немесе қолданылу мерзімі кемінде 10 жыл материалдық активтерді жалға алу туралы мәліметтер (кабинеттер, лекциялық аудиториялар, практикалық дәрістерге арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктіліктер, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және дене шынықтыру залдары, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы (өткізу пункттері, санитарлық тораптар (унитаз, жуынатын раковиналар), білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, тұру үшін жағдайлардың болуы):
Мемлекеттік стандартты жүзеге асыру үшін келесі жағдайлар қарастырылған: Мектепте оқу үрдісіне 67 кабинет пайдаланылады, оның ішінде бастауыш сыныпқа арналған 17 кабинет, және пәндік кабинеттер: математика, физика, химия, биология, тарих, география, қазақ тілі, ағылшын тілі, информатика, үйірме кабинеттері: робототехника, сурет, қолөнер, музыка, шахмат, домбыраға арналған кабинеттер бар.






Сонымен қатар мектепте екі спортзал мен футбол алаңы бар.
Мектеп ауласында жүгіру алаңы мен спорт жаттығуларына арналған жабдықтар бар. Сабақ үрдісіне пайдаланатын спорттық инвентарлары (доптар, шахмат, футбол, баскетбол, волейбол сеткалары, үстел теннисі ракеткалары мен доптары т.б.) жыл сайын жаңартылып отырады. Спортзалда әжетхана, жуынатын душ, киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған.
Мектепте медициналық кабинет, логопед-дефектолог кабинеті, педагог-психолог және кәсіби бағдарлау кабинеті, техникалық қолдау кабинеті, оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, методикалық кабинеттері және қабылдау бөлмесі қызмет жасайды.
Медициналық кабинет екі бөлмеден тұрады және жиһаз жабдықтармен толық, талаптарға сай жабдықталған.











Мектепте А корпусы бойынша 300 орынға арналған мәжіліс залы бар, ауданы – 485,1 м2. Мектепте Б корпусы бойынша 60 орынға арналған мәжіліс залы бар, ауданы – 98 м2. Сонымен қатар шаршы метрі 119,1 болатын кітапхана жұмыс жасайды.
Санитарлық тораптар бойынша 20 әжетхана (10 қыздарға, 10 ұлдарға) бар. Оның ішінде 71 орын унитаз, 35 раковина және әр әжетханаға жылы су жүргізілген.







